"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНОФЛОТ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІі" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КРАСНОФЛОТСКОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛОСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы 2023-24

Краснофлот ауылының негізгі орта мектебі

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама №1

Айы: Қыркүйек

Күн тәртібінде:

1.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың үлгі ережесін зерттеу.

2. Сайлау және қамқоршылық кеңес мүшелері арасында міндеттерді бөлу.

3. 2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.

4. «Мектепке жол» акциясы

 

1 мәселе бойынша мектеп директоры Ташимова Г.С. сөз сөйледі. Ол 2017 жылдың  шілде айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27 шілде №355 бұйрығымен Қамқоршылық кеңес қызметінің типтік ережелері бекітілгені туралы хабарлады. Қабылданған ережелерде Қамқоршылық кеңесінің функциялары мен өкілеттіктері айтарлықтай өзгерілді, өйткені оларға шешім қабылдайтын ұсынушы және басқарушы сияқты бақылаушы органнан өкілеттіктер берілгендіктен, қамқоршылық кеңесінің қызметін толық қайта қарау, кеңес қызметі туралы ережені әзірлеу, оның жобасы талқылау үшін ұсыну. Ташимова Г.С. Қамқоршылық кеңес ұйымының ережесінен негізгі ережелерді оқыды, жаңалықтарда тоқталып, қамқоршылық кеңестің жаңадан сайланатын құрамының жұмысында  осы ережелерді ұстануды ұсынды.

2 мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Утегенова А.М. тыңдалды, ол мектептің жалпы мектептік ата-аналар кеңесінде жұмыс тәжірибесі бар, мектеп отбасының өзара қарым-қатынасы үдерісінде белсенді қатысушы ретінде, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы лауазымына Кусаинова қызметін жалғастыруды ұсынды.

3-4 мәселе бойынша Ташимова Г.С. тыңдалды. Ол «Мектепке жол» акциясының барысы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ауылымыздың әкімі Ташимов А.К.  1-сынып оқушысына қаржылай көмке көрсетті. «Мектепке жол» акциясына мектебіміздің барлық мұғалімдері белсене қатысты. 2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарының жобасын жіне оны бекітуді ұсынды. Ол Қамқоршылық кеңес қызметінің аспектілеріне назар аударды: әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге ұсыныс жасады.

 

Шешімі:

  1. 2023-2024 оқу жылына  Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Мектеп іс-шараларын дайындау мен өткізуге ата-аналар белсенді тартылсын.
  3. Жауаптылар: директордың тәрбие ісі   жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері. Мерзімі: тұрақты.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы : ________Сатыбалдинова Ш

 

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: ________Шлюндт Д

 

Жаңартылған күні: 14.11.2023 16:50
Құрылған күні: 14.11.2023 16:50

Текст